Құпиялық құқығымызды қайтару

Read the original announcement in English
Хаттарды жою, анонимді түрде жіберу, жетілдірілген іздеу және VoiceOver/TalkBack қолдауы

Бізге жеке деректеріңіз киелі. Ешқашан деректеріңізді жарнама бағыттау үшін қолданбаймыз және үшінші тараптарға ашпаймыз. Telegram жұмыс істеуі үшін ең керек нәрселерді ғана сақтаймыз.

2013 жылы миллиондаған адамдарға деректерін басқару мүмкіндігін end-to-end шифрлауы арқылы бердік.

Бүгін жүздеген миллион қолданушыға олардың кез келген жеке чатын толық басқару мүмкіндігін ұсынамыз. Енді сіз кез келген жеке чаттағы жіберген немесе алған хатты екі тарап үшін де жоюды таңдай аласыз. Хаттар сізден де, басқа адамнан да із-түзсіз жоғалады.

Кез келген хатты жою

Біз 2 жыл бұрын енгізген «Қайтару» мүмкіндігі тек сіз жіберген хаттарға және тек 48 сағатқа қолжетімді болатын. Енді сіз жіберген немесе алған хаттарды жоя аласыз және уақыт шектеуі жоқ. Сондай-ақ сіз кез келген жеке чатты өз құрылғыңыздан да, басқа адамның құрылғысынан да небәрі екі рет басып, толықтай жоя аласыз.

Аноним боп жіберу

Құпиялығыңызды толық қамтамасыз ету үшін біз хаттарыңызды кімнің жөнелткенін шектеу мүмкіндігін қостық. Бұл баптау қосылғанда, сіз жіберген хаттарды басқа қолданушы жөнелтсе, олар енді бейініңізге сілтемейді, оның орнына көрсетілген атыңызды жай ғана сілтемесіз мәтін ретінде көрсетеді. Осылайша сіз жіберген хаттар олардың авторы екеніңізді дәлелдеуге қолданылмайды.

Бұл мүмкіндікті Баптау → Құпиялық пен қауіпсіздік → Хат жөнелту бөлімінде қосуға болады.

Айтпақшы, енді сіз бейін суреттеріңізді кім көре алатынын да шектей аласыз.

Баптауды іздеу

Баптау бөлімі барған сайын кеңейіп келе жатқандықтан, сіз іздеген баптауды тез табуға мүмкіндік беретін іздеу құралын қостық.

Бұл құралды Telegram-ға қатысты сұрақтарға жауап табу үшін ЖҚС қарап шығыңыз.

Эмоджи іздеу және GIF

GIF пен стикер іздеу барлық ұялы платформаларда жаңартылды, бетбейне жақсартылды (және көбірек мысықтар табылады). GIF-ті жібермес бұрын оны алдын ала көру үшін басып ұстай аласыз.

Стикер топтамалары енді бірегей таңбаларға ие, бұл дұрыс топтаманы таңдауды жеңілдетеді. Үлкен GIF-тер мен бейнехаттар енді Telegram-да эфирмен көрсетіледі, сондықтан оларды толық жүктелуін күтпей-ақ көре аласыз.

Telegram-ның Android нұсқасында енді көптеген тілдердегі сөздерді қолданып нақты эмоджиді таба аласыз. Бізде белгілі бір эмоджи үшін сөз жетіспесе, сіз оны осында ұсына аласыз, эмоджи іздеу нәтижелері Telegram қолданбасын жаңартпай-ақ нақты уақыт режимінде үнемі жаңартылып, жақсарып отырады.

Сіз хат жазғанда байланысты эмоджилердің тізімін де көресіз. Сізге эмоджи қатты ұнап, оны мәтінсіз жібергіңіз келсе, ол чатта үлкенірек болып көрінеді.

VoiceOver мен TalkBack

Біз экранды оқу мүмкіндіктерін қостық, iOS-та VoiceOver және Android-та TalkBack. Бұл қолжетімділік платформалары дыбыстық кері байланыс береді, сондықтан сіз экранды көрмей-ақ Telegram-ды қолдана аласыз.

Келесі жаңартуда не болуы керек деп ойлайсыз.

2019 жылы 24 наурыз
Telegram командасы

Басқа жаңалықтар