Read the original announcement in English
Егер Көз жүгірту беті қалай жасалғаны жайлы пікіріңіз болса, @previews ботына хабарласыңыз. Қазіргі уақытта тек бірнеше сайт қолдау көрсетеді, бірақ біз оларды біртіндеп көбейтеміз. Ақырында біз интернеттегі әрбір оқиғаға Көз жүгірту беттерін бергіміз келеді де, бүкіл интернетті жұтып қоямыз (*зұлым күлкі*).
Бүгін біз Telegraph атты жариялау құралын іске қосамыз, ол суреттер және әртүрлі ендірілген элементтермен бай форматталған жазбалар жасауға мүмкіндік береді. Telegraph жазбалары Telegram-да әдемі Көз жүгірту беттерін алады.
Оны байқап көру үшін telegra.ph сайтына кіріп, оқиға жариялаңыз да, Telegram-да бөлісіңіз. Telegraph арқылы Telegram арнаңыз негізгі БАҚ сияқты оқиғалар жүргізе алады (бірақ олардың қаншалықты біржақты болатынын қайталау қиын болуы мүмкін).
Енді уақыт бойынша кез келген өткен сәтке бара аласыз. Чат ішіндегі Іздеу батырмасын басып, Күнтізбе құралын қолданып күнді таңдаңыз.
Бір өкініштісі, бұл болашақ күндермен жұмыс істемейді. Бүгін сізге ұшатын көліктер мен ховербордтар жоқ.
Жақында жіберілген стикерлер арасында мұңды Пепе болған кездерді есіңізге алыңыз. Біз сияқты болсаңыз, табиғи түрде мұңды Pepe-ні оның отбасымен қайта қауыштыру үшін стикер тақтасындағы Pepe топтамасына жылжытқыңыз келген.
Енді оны бірден жасай аласыз: соңғы стикерге ұзақ басыңыз (iOS-та 3D-touch), содан кейін «Жинақты көру» таңдаңыз. Қараңызшы! Құпия себеппен бұл Pepe емес стикерлермен де жұмыс істейді.
Кейде сіз чаттардан топты табғыңыз келеді, бірақ атауын есіңізге түсіре алмайсыз. Міне, лайфхак: сол топта болған контактіңізді ойлаңыз. Бұл ассоциация әдісі атауды еске түсіруге көмектесуі мүмкін. Көмектеспесе, сол контактінің бейінін ашып, Ортақ топ батырмасын басыңыз.
Кейбір Android қолданушылары біз iPhone-ды Android-тан артық жақсы көреміз деді. Бұл бізді жылауға шақ қалдырды (жақында жіберілген мұңды Pepe-ні еске алыңыз). Сізбен қарым-қатынасты түзету үшін біз iOS әзірлеушімізді жұмыстан шығардық, ол тым жақсы еді.
Әрине, шын мәнінде олай емес. Біз бірнеше апта бойы кодтау жертөлесінде қамалып, сізге мына мүмкіндіктерді алып келдік:
Бұл тек бастамасы ғана. Make Android Great Again!
Құпия жертөлемізде үлкен нәрсе дайындалып жатыр. Күтіңіз.
2016 жылы 22 қараша
Telegram командасы