Read the original announcement in English
Нұсқа 4.0 – Telegram жаңартуларының анасы. Айтпақшы, бүгін біз бейнехат + Telescope және боттарға төлемдер мүмкіндіктерін де іске қосып отырмыз.
UPD 30.05: Байқаудың жүлде қорын жаңа мақсатты домендер қосу арқылы 315 000$-ға дейін арттырдық. Қазір қосылыңыз!
Қуаныңыздар, ханымдар мен мырзалар, осы күнге де жеттік! Көз жүгірту енді мыңдаған сайттарды, оның ішінде сүйікті ресурстарыңызды қолдайды. Telegram-да сізбен бөліскен кез келген мақаланы көру үшін енді браузерді ашудың қажеті жоқ, өйткені бүгін көз жүгірту платформасын іске қосамыз.
Көз жүгірту арқылы кез келген блог немесе медиа мақаласын біркелкі әрі оңай оқылатын форматта көре аласыз. Мақаланың мәтінімен шектелмей, көз жүгірту беттері суретті, бейнені және басқа медианы да қолдайды. Олар бастапқы сайт ұялы құрылғыларға оңтайландырылмаған болса да керемет жұмыс істейді.
Көз жүгірту беттері жеңіл әрі Telegram серверлерінде кәштенеді, сондықтан олар кез келген байланыста бірден жүктеледі, атауы да осыдан шыққан. Ең жақсысы – вебмастерлерге өз сайттарында ештеңені өзгертудің қажеті жоқ.
Көз жүгірту бетін жасау үшін біздің парсер-бот үлгілерді қолданады, белгілі бір домен немесе URL бойынша пайдалы контентті қайдан табу және нені елемеу керектігін көрсететін ережелер жиынтығы. Бот осы нұсқауларды қолданып, бастапқы беттің ықшам әрі әдемі көз жүгірту нұсқасын жасайды.
Бүгін біз кез келген адамға сайттар үшін өз шаблондарын жасауға мүмкіндік беретін көз жүгірту платформасын іске қосамыз. Біз іске қосатын барлық нәрсе сияқты, бұл платформа да толықтай ашық. Әлемнің барлық қолданушысына ақпарды қолжетімді әрі әдемі ету жолындағы сапарымызға қосылыңыз!
Осыдан бастаңыз, үлгілерімізді тексеріңіз, содан кейін көз жүгірту өңдегішін ашып іске кірісіңіз. Барлығын білгіңіз келсе, толық анықтама құжатын оқып шығыңыз.
Бастау үшін біз шаблон жасаушыларға арналған 200 000$ (қазір 315 000$!) көлеміндегі краудсорсиң байқауын іске қосамыз. HTML-ді аздап білсеңіз және қатысқыңыз келсе, байқау бетіне кіріңіз. Тапсырма қарапайым: тізімнен сайт таңдап, сол сайттағы мақалаларды көз жүгірту пішіміне талдауға арналған мінсіз ережелер жиынтығын бірінші болып жасаңыз. Бастау үшін құжаттарды оқып шығыңыз.
Әр сайт үшін байқау аяқталғанға дейін бірінші болып дұрыс ережелер жиынтығын жасағаныңыз үшін біздің қордан 100$ аласыз. Көп доменді ең жақсы сипаттаған адам жеңімпаз атанып, шаблондары үшін алған төлемдеріне қосымша 10 000$ алады. Екінші орын иегері қосымша 5 000$ алады.
Жеңімпаз үлгілер мақұлданғаннан кейін барлық Telegram қолданушысына көз жүгірту беттерін көрсету үшін қолданылады.
HTML немесе бағдарламалау тілін білмесеңіз де, батыл үлгі жасаушыларға олардың жұмысындағы қателерді тауып, есеп беру арқылы көмектесе аласыз. Біреу көмегіңізбен жеңсе, сіз де сыйақының үлесін ала аласыз.
Сайт иесі болсаңыз және мақалаларыңыз Telegram ішінде әдепкі түрде көрінгенін қаласаңыз, әзірлеушіге сайтыңызға арналған үлгіні қосқызыңыз.
Контентті Telegram арнасы арқылы таратсаңыз, үлгіңізді мақұлдауымызды күтудің қажеті жоқ. Жай ғана арнайы пішімделген сілтемелерді жазылушыларыңызға жіберіңіз, олар бірден көз жүгірту беттерін көреді.
Сондай-ақ көз жүгірту беттерін көрген қолданушыларды Telegram-дағы арнаңызға қосылуға бағыттай аласыз (қалай жасауға болатынын көбірек білу).
Бұның бәрі тым күрделі болып көрінсе, жай ғана демалыңыз: краудсорсиң бұны сіз үшін уақытында шешеді.
4.0-ші нұсқасында біз көз жүгірту үшін бірнеше ыңғайлы баптау қостық. Енді мақалаларды қараңғы, сұр немесе сепия түсті ортада көре аласыз, сондай-ақ қаріп түрін және өлшемін реттей аласыз. Түнгі кейіп баптауы кешкі уақытта өздігінен қараңғы беттерді көрсетіп, көзіңізді тынықтырады.
Көз жүгірту бетінде маңызды нәрсе тапсаңыз, абзацты ұзақ басып, оны тез көшіру немесе контактілеріңізге жіберу үшін таңдаңыз.
Ережелер жасауда, қателерді анықтауда немесе қарапайым қолданушы болсаңыз, көз жүгіртуді қуана қолданыңыз!
P.S. Байқау жайлы соңғы жаңалықтарды білу үшін @IVContest арнасына жазылыңыз.
2017 жылы 18 мамыр
Telegram командасы