Read the original announcement in English
Көптеген мессенджерлерден айырмашылығы, Telegram-ды телефоныңызда белсенді түрде қолдансаңыз да, іс жүзінде ешқандай орын алмайды. Жадыны босату үшін құрылғыңыздың кәшінен Telegram деректерін тазалағанда, оны бұлтта сізге қалағаныңызша шектеусіз сақтаймыз.
Бүгін пайдалы деректерді жоғалтпай, орын аз болғанда Telegram-ды ықшам ұстауды жеңілдететін жаңа кәш басқару опцияларын енгіздік. Жаңа кәшті тазалау опциясы кәштелген медиафайлдарды басып, тез жоюға мүмкіндік береді.
Файлды сақтау баптауын қолданып, қолданылмаған медиафайлдардың құрылғыңызда қанша уақыт болатынын басқара аласыз. Файлды көрсетілген уақыт ішінде ашпасаңыз, ол кәштен өздігінен жойылады. Әрине, оны қайта ашқан бойда деректеріңіз бұлттан бірден қайта жүктеледі.
iOS жүйесінде әрбір чат үшін кәштелген файлдарды жеке-жеке тазалауға болады. Android жүйесінде бұл мүмкіндік қазіргі уақытта супертоптар мен арналар үшін істейді (чат тізімінде басып тұрыңыз, содан кейін «Кәштен жою» таңдаңыз).
iOS және Android жүйелерінде қолжетімді (және жақын арада Windows Phone жүйесінде пайда болады), бұл қарапайым баптаулар Telegram-ға құрылғыларыңыздағы орынды азайтуға көмектеседі.
Сондай-ақ стикерлер жинақтарының ретін жақсарттық. Енді стикерлер жинақтарын қалағаныңызша реттей аласыз және бұл рет барлық құрылғыңызда үйлестіріледі. Стикерлер тақтасында орналасқан жаңа батырма арқылы стикерлер баптауына кіріңіз.
2015 жыл әлі аяқталған жоқ, сондықтан биылғы жаңартуларды күтіңіз.
2015 жылы 8 желтоқсан
Telegram командасы