Анимациялы стикер

Read the original announcement in English
Мұқаба

Біз стикерлерді алғаш рет 2015 жылдың қаңтарында іске қостық. Содан бері Telegram стикер пішімін басқа қолданбалар қабылдап, жалпы 2 миллиард адамға жетті. Бүгін біз анимациялы стикерлерге арналған жаңа пішімді ұсынамыз.

Өзімізге сұрақ қойдық: Анимациялы стикерлер статикалық стикерлерден жоғары сапалы болып, сонымен қатар аз трафик қолдана ала ма? Жауап ИӘ болып шықты (бірақ әзірлеушілерге қозғалатын мысық суреттерін көрсеткеннен кейін ғана).

Жатық анимациялар, шағын көлем

Telegram инженерлері векторлық графикамен, мұрағаттау әдістерімен және тыйым салынған сиқырмен тәжірибе жасап, Lottie негізіндегі .TGS пішімін жасады. Бұл форматта әр стикер шамамен 20–30 килобайт алады, орташа есеппен суреттен алты есе кіші.

Әртүрлі оңтайландырулардың арқасында анималды стикерлер GIF-терге қарағанда аз қуат тұтынады және секундына 60 кадр жылдамдықпен жатық жұмыс істейді. Бір сурет мың сөзге татитын болса, онда әр стикер 180 000 сөзге тең.

Ашық платформа

Әрине, анимациялы стикерлер – бұл ашық платформа. Барлық суретші жаңа топтамалар жасап, оларды Telegram қолданушыларға жариялай алады.

Статикалық стикерлер сияқты, Telegram анимациялы стикер пішімі хабарламалардағы жаңа индустриялық стандартқа айналуы ықтимал. Бастау үшін осы қысқа нұсқаулықты оқыңыз.

Бастапқы жинақтар

Әңгімелеріңізді бірден жандандыру үшін суретшілеріміз бірнеше үлгі топтамалар жинақтар жасады, шатақ кеміргіштерден бастап, сезімтал тағамдарға дейін. Қосымша анималды стикер топтамаларын стикер тақтасындағы «Тренд» бөлімінен таба аласыз. 🔥

Әдеттегідей, көңіл-күйіңізге сәйкес келетін стикерді табудың ең жылдам жолы ол қатысты эмоджиді теру. Telegram бірден сәйкес стикерлерді ұсынады.

Жаңа анимациялы стикерлерді қадағалаңыз және келесі жаңартуды күтіңіз.


2019 жылы 6 шілде
Telegram командасы

Інші новини

Жаңа дизайн, сыйлық жасау және т.б.

Бұл жаңарту айрықша жаңа сыйлықтар жасауға арналған крафтиң жүйесін, Android-қа арналған Telegram тарихындағы ең үлкен бетбейне жаңартуын және т.б. мүмкіндіктерді қосады.
9 лютого 2026

ЖИ түйіндемесі, жаңа дизайн және т.б.

Telegram-ның 2026 жылғы бірінші жаңартуы арна жазбалары мен көз жүгірту парақшасына арналған iOS пен ЖИ түйіндемесі үшін одан да көп Liquid Glass бетбейнесін әкеледі, олар құпиялықты…
3 січня 2026

Кіру кілті, сыйлық сатып алу ұсынысы және т.б.

Бүгінгі жаңартуда біз қауіпсіз кіру тәсілін, яғни кіру кілттерін енгіздік. Енді SMS кодсыз жедел кіре аласыз, сыйлық сатып алу ұсыныстарын…
12 грудня 2025

Эфир, қайталанатын хат, сыйлық аукционы және т.б.

Бүгінгі жаңартуда хикая ішінде чатпен бірге эфирді бастай аласыз. Бұған қоса, қайталанатын жоспарланған хаттар, жаңа сыйлықтар үшін әділ…
19 листопада 2025