Read the original announcement in English
Біз стикерлерді алғаш рет 2015 жылдың қаңтарында іске қостық. Содан бері Telegram стикер пішімін басқа қолданбалар қабылдап, жалпы 2 миллиард адамға жетті. Бүгін біз анимациялы стикерлерге арналған жаңа пішімді ұсынамыз.
Өзімізге сұрақ қойдық: Анимациялы стикерлер статикалық стикерлерден жоғары сапалы болып, сонымен қатар аз трафик қолдана ала ма? Жауап ИӘ болып шықты (бірақ әзірлеушілерге қозғалатын мысық суреттерін көрсеткеннен кейін ғана).
Telegram инженерлері векторлық графикамен, мұрағаттау әдістерімен және тыйым салынған сиқырмен тәжірибе жасап, Lottie негізіндегі .TGS пішімін жасады. Бұл форматта әр стикер шамамен 20–30 килобайт алады, орташа есеппен суреттен алты есе кіші.
Әртүрлі оңтайландырулардың арқасында анималды стикерлер GIF-терге қарағанда аз қуат тұтынады және секундына 60 кадр жылдамдықпен жатық жұмыс істейді. Бір сурет мың сөзге татитын болса, онда әр стикер 180 000 сөзге тең.
Әрине, анимациялы стикерлер – бұл ашық платформа. Барлық суретші жаңа топтамалар жасап, оларды Telegram қолданушыларға жариялай алады.
Статикалық стикерлер сияқты, Telegram анимациялы стикер пішімі хабарламалардағы жаңа индустриялық стандартқа айналуы ықтимал. Бастау үшін осы қысқа нұсқаулықты оқыңыз.
Әдеттегідей, көңіл-күйіңізге сәйкес келетін стикерді табудың ең жылдам жолы ол қатысты эмоджиді теру. Telegram бірден сәйкес стикерлерді ұсынады.
Жаңа анимациялы стикерлерді қадағалаңыз және келесі жаңартуды күтіңіз.
2019 жылы 6 шілде
Telegram командасы