Read the original announcement in English
Біз еркіндікке сенеміз. Сондықтан Telegram – стикерлерге, боттарға және тіпті үшінші тарап клиенттік қолданбаларына арналған еркін және ашық платформа. Біз сізге еркіндік берсек, оны қалай қолдануды өзіңіз білесіз деп сенеміз.
Бүгіннен бастап Telegram қолданушыларының 85%-ы қолданбаның сыртқы көрінісін толықтай өзгерте алады. Біз Android-та жеке кейіп мүмкіндігін іске қосып жатырмыз, ал кейінірек оны аз танымал платформаларда да қолдаймыз.
Басқа тақырыпқа ауысу немесе жаңасын жасау үшін Баптау → Кейіп бөліміне кіріңіз. Бұл мәзірге түнгі тақырыпты қостық, қараңғы жерде Telegram-ды шам ретінде қолданғысы келмейтіндер үшін.
Қолданбаға кейіп өңдегішін де қостық. Енді жаңа тақырыптар жасап, оларды басқа қолданушылармен оңай бөлісе аласыз.
Стикер мен бот сияқты, Telegram тақырыптары ашық платформаның бөлігі, сондықтан кез келген адам жаңа түстер мен фондар арқылы әлемді таңқалдыратын кейіп жасай алады. Міне, қолданушыларымыз жасаған тағы бір мысал:
Telegram қолданушылары жасаған жаңа тақырыптарды көру үшін @AndroidThemes және Desktop Themes арналарына кіріңіз.
Сіз iOS қолданбамызды қолдансаңыз, бірнеше апта күте тұрыңыз. Сізге де тақырыптар келеді, бірақ әзірге сіздер үшін мүлде басқа нәрсе жасап жатырмыз және ол шынымен эпикалық болады.
2017 жылы 20 ақпан
Telegram командасы